Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары алдындағы дайындықты көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін Президент Қытайға мемлекеттік сапармен барады. Үш күннен тұратын бағдарламада мына шаралар жоспарланған: Мемлекет басшысының сапары, "Орталық Азия + Қытай" саммиті.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желіде жазды. Оның сөзінше, Мемлекет басшысы мұндай шараларды құптамайды. Сондықтан ол күн жұмыс кестесіне байланысты өтеді.
"Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!