Ақорда Тоқаевтың жұмыс кестесін жариялады

Ақорда алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20-23 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

"Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады", - деп жазылған хабарламада.

22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты - Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

22 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!