Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 маусымға дейінгі жоспарын жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады. Президент өңірдегі көктемгі егіс науқанымен танысып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездеседі, сондай-ақ әлеуметтік нысандарды аралап көреді.
Президент 30 мамыр күні Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2 маусымда Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтетін екінші "Орталық Азия - Еуропалық Одақ" саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!