Украина тарапының бастамасы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Украина президенті Қазақстанның қоғамдық ұйымдары арқылы еліне көрсетілген гуманитарлық көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ таяуда Давоста (Швейцария) 80-нен астам елдің өкілдері қатысқан "бейбітшілік формуласы" атты кездесудің қорытындысы және Швейцарияда өтетін кезекті жаһандық саммитке дайындық барысы жөнінде жан-жақты мәлімет берді.
Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.
Еске салайық, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескенін және оған көмегі үшін алғыс айтқанын жазған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!