Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиёев кездесу өткізген болатын. Әңгіме барысында Тоқаев Қазақстан Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
"Қазақ пен өзбек - ежелден достығы мызғымас, сыйластығы жарасқан бауырлас халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тарихы тамырлас, тағдырлас елдеріміздің мақсат-мұраты да ортақ. Сондықтан мен бүгінгі сапарға айрықша мән беремін. Біз тату көршілікке және сенімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз және табысты болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұрлым тұрақты болады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!