Ақорда бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немерелерімен болған сәті бейнеленген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, видео 1999 жылы түсірілген. Бейнероликтен мемлекет басшысының екі немересімен бірге шаттанып отырғанын көруге болады.
Ақорданың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына 59 мың адам жазылған. Осыған дейін Назарбаевтың баспасөз қызметі оның көлік жүргізіп келе жатқаны түсірілген және балық аулаған сәті бейнеленген видеоны жариялады.