Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Хамиттің өліміне қатысты іс әлі де сотқа жетпеді. Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит желіде үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қамкөңіл ана бірнеше лауазымды тұлғаның есімін атап, іс әлі күнге дейін созбалаңға салынып келе жатқанына наразылығын білдірді.
"Бүгін Ақнәрімнен айырылғаныма 561 күн. Осы бір жарым жылдан бері құқық қорғау органдарында қанша табалдырық тоздырдым және қандай лауазымды тұлғалардың жеке қабылдауында болдым дегенді көзбен тізіп көгендеп, аты-жөнімен айтуды жөн деп шештім. Өйткені осы 561 күннен бері шындық іздеп, шырылдап жүрген анамын. Қазақстан Республикасының толыққанды азаматымын. Мені жеке қабылдауына алып, ауызбен орақ орып, уәдені үйіп-төгіп беріп, істі осы күнге дейін әдейі бұрмалап, созбалаңға салып отырған, халыққа қызмет жасайды делінген әрбір тұлға өз іс-әрекетіне жауап беруі керек деп санаймын. Себебі Әділетті Қазақстанымызда қызымның өліміне қатысты әділ тергеу жүргізілуі үшін бір жарым жыл бойы күресіп келемін. Бірақ күні бүгінге дейін нақты нәтиже жоқ. Қызымды азаптап, жетінші қабаттан лақтырып жіберген кінәлі қыздардың ісі әлі күнге дейін сотқа жеткен жоқ", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақнәр Хамиттің ісі
Айта кетейік, 2024 жылғы шілдеде Ақнәр Хамит көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан көз жұмды. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Бұған дейін істі ҰҚК тергеп жатқаны айтылды.
Жуырда Ақнәр Хамиттің анасы Гүлстан Хамит әділдік іздеп жүргенін айтып, тағы бір мәрте үндеу жасады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова