Әкімшілік полиция басшысы Жамбыл облысына жұмысын ауыстырды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңа ПД бастығын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха және Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев таныстырды.

Айта кетейік, Қайсар Сұлтанбаев ішкі істер органдарында 1990 жылдан бастап қызмет атқарады. Әр жылдары Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстарында басшылық қызметтер атқарған.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі комитетінің және департаментінің бастығы болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!