- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмолалық тұрғын скутер...
Ақмолалық тұрғын скутер аламын деп, алаяққа тап болған
Криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері "Алаяқтыққа қарсы" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Аршалы ауданы тұрғынының арызы бойынша бұрын жасалған қылмыстың бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ауыл тұрғыны полиция бөліміне арызданып, 2023 жылғы 11 қарашада белгісіз ер адам оны алдап, оның 772 мың теңге қаржысын иемденіп алғанын айтқан.
Жәбірленуші Instagram желісінде скутер сату туралы хабарландыру тауып алып, сатушымен хабарласқан соң оған ақша аударған. Алайда төлемді алғаннан кейін сатушы телефонын өшіріп, арызданушымен байланысын тоқтатқан. Жедел іздестіру шаралары барысында қаскүнемнің аты-жөні анықталды. Ол бұрын алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Полиция департаменті бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдарын бастады. Полицейлер тауарды алғанға дейін онлайн-сатып алу кезінде белгісіз тұлғалардың шоттарына төлем жасамауды қатаң түрде ұсынады. Қаржылық ресурстарды пайдалануда мұқият және үнемді болыңыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек