Ақмолада қамаудағылар дауыс берді

Ақмолада қамаудағылар дауыс берді

Ақмола облысында 100-ден астам тергеуде жүрген қамауға алынған адам сайлауда дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу изоляторында қамауға алынғандар үшін сайлау учаскесі әзірленіпті. Заңға сәйкес бас бостандығынан айырылған азаматтар дауыс беруге құқысы жоқ. Сондықтан саулау науқаны туралы қажетті ақпарат қабырға стендтеріне орналастырылып тергеуге алынғандарға жеткізілген.

"Қамаудағы тергеуге алынғандар сайлау туралы барлық ақпаратты мекеме әкімшілігінен алды. Мен сайлауға алғаш рет қатысып отырмын. Тергеу изоляторында дауыс беретін болдым. Сайлау додасында дауыс беру әрбір Қазақстан азаматы үшін парыз деп ойлаймын. Біз өз болашағымыз үшін дауыс береміз", - дейді тергеудегілердің бірі.

Ведомство мәліметінше мұндағы сайлау учаскесінде 121 адам дауыс беру құқығына ие.

Заңды күшіне енбеген немесе сот үкімін күтіп отырған 121 дауыс беру құқығына ие 121 адам бар.

"Олар Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №65 мекемесінде қамауға алынған. Барлығы белсенді азаматтық позициясын көрсетті. Сайлауға дауыс беруден бас тартқандар болмады", - дейді мекеме бастығы Абзал Дуанбаев.

Соңғы деректер бойынша Ақмола облысында қазіргі уақытта 728 сайлау учаскесінде 58,96 пайыз сайлаушы дауыс берген.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина