- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмолада жұмыс істеп...
Ақмолада жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпек болған жұмысшы қолынан айырылды
Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі "Алтын Алмас" акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүртпек болған жұмысшы абайсызда қолынан айырылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Департамент мәліметінше, 9 шілдеде Шортанды аудандық полициясының кезекші бөліміне жергілікті ауруханаға Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны "сол қолының травматикалық ампутациясы" диагнозымен жеткізілгені туралы хабар түскен.
Г. Досымшалова"Ер адамның Жолымбет кентіндегі "Алтын Алмас" акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүрту кезінде жарақат алғаны анықталды. Осыған байланысты полиция тарапынан тексеріс жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.