Ақмолада жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті

Ақмола облысының «Көкшетау-Жамантұз» стансасында жүк пойызы теміржол бойында жүрген 32 жылқыны қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облыстық көлік полициясы департаментінің мәліметінше пойыз машинисі дереу шұғыл тежеуді қолданған. Алайда, пойыз қатты жылдамдықпен келе жатқандықтан жылқылармен соқтығысудың алдын алу мүмкін болмапты.

 

Суыт оқиға салдарынан пойыз 50 минут бойы тоқтауға мәжбүр болған.

"Көкшетау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шарасы нәтижесінде жылқылардың теміржол бойына шығып кетуіне жол берген Ақмола облысы Игілік ауылының 28 тұрғыны екенін анықтады. Жылқыларынан бір-ақ сәтте айырылып қалған ауыл тұрғындарының айтуынша тұрғындар үй жануарларын кезекпен бағып келген. Ал жоғарыда қалған азаматтың немқұрайдылығынан жылқылар теміржол бойына жайылып кеткен", - дейді Ақмола облысы көліктегі полиция департаментінің ресми өкілі Ләззат Қасымжанова.

Қазір аталған факт бойынша құқықбұзушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 559 бабының 1 бөлігімен яғни теміржол бойында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік хаттама толтырылып 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!