Ақмола облысында тiркелген шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң саны 60 мың бiрлiктен асты, бұл туралы өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әмiренов мәлiм еттi, деп хабарлады Ақмола облысының ресми интернет-ресурсы.
Басқарма басшысының орынбасары өңiрдегi «Бизнестiң жол картасы-2020» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы әңгiмелеп бердi.
Бүгiнде шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 130 мың астамнан адамды құраған. Бұл өңiрдiң экономикалық белсендi халқының 29 пайызын құрап отыр. Ағымдағы жылы облыста шағын және орта бизнес субъектiлерiнде 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. Сонымен бiрге облыс кәсiпкерлерiнен 18 миллиард теңгеден астам сомаға салық төлемдерi түскен.
Басшы орынбасарының хабарлауынша облыс аудандары арасында салық түсiмдерiнiң ең жоғары көрсеткiшi Ерейментау және Жақсы аудандарында байқалған.
— «Бизнестiң жол картасы-2020» бизнестi дамыту және қолдау бағдарламасы жұмыс ын бастаған кезең iшiнде, яғни 2010 жылдан бастап шамамен жалпы сомасы 73 миллиард теңгенiң 605 жобасы, оның iшiнде осы жылы 12,5 миллион теңгенiң 115 жобасы мақұлданды, — дедi Досхан Әмiренов.
Сонымен қатар «Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi дамыту және қолдаудың бiрыңғай бағдарламасын жүзеге асыруға облыста тұтас кезеңде республикалық бюджеттен және ұлттық қордан 10 миллиард теңгеден астам қаражат бөлiнген. Осы жылдың өзiнде ақмолалық кәсiпкерлердi қолдау мақсатында үш миллиард теңге қаражат бөлiнiптi.
Досхан Әмiреновтың айтуынша кәсiпкерлiк бастаманы дамыту мақсатында әрiқарай екiншi деңгейлi банктерге орналастырумен «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры және облыстық әкiмдiк қаржысы есебiнен 300 миллион теңге сомасына шағын несиелеу қорын құру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде. Сонымен бiрге «Даму» қоры «Есiл» шағын қаржы ұйымында миллиард теңге мөлшерiнде қаражат орналастыру бойынша мәселенi қарастырады.
Бағдарлама шеңберiнде «Кәсiпкерлiктi қаржылай емес қолдау шаралары» жүзеге асырылуда. Облыстың барлық аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларында консультант менеджерлердi жұмылдыру жолымен кәсiпкерлерге сервистiк қолдау көрсетiлуде.
«Осы жылдың сегiз айында аталған қызметпен өңiрдiң 1412 кәсiпкерi қамтылды», — деп атап өттi Досхан Әмiренов.
Сонымен қатар баяндамада облыста кәсiпкерлердi қолдау орталықтары арқылы бизнестi ақпараттық қамтамасыз ету жүргiзiлетiнi жөнiнде айтылған. «Бизнес-Кеңесшi», «Бизнес-өсiм», «Iскерлiк байланыстар», «Аға сеньорлар» және «Кәсiпкерлiктiң мобилдi орталығы» оқыту жобалары жүзеге асырылуда.