Ақмола облысында 12 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz.
"Ақмола облысының Аршалы полиция бөлімшесіне 13 тамыз кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі туралы арыз келіп түсті. Полиция оның жеке басын анықтап, ол сол күні "ізін суытпай" ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған адамның кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.