Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді

Ақмола тұрғынынан 6 келіден астам есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шілде айының басында "Қарасора-2023" ЖПІШ өткізу кезінде облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны ұсталып, оның пәтерін тінту барысында салмағы 6 келі 324 грамм кептірілген марихуанасы бар 24 түйін және салмағы 17 грамм екі гашиш түйіні тәркіленді.

Сонымен қатар тінту кезінде диванның астынан салмағы 2 келіден асатын қарасора тұқымдары бар майонез шелектері табылды.

Ұсталған адамның айтуынша, ол есірткіні жеке пайдалану үшін сақтаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі "Ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Ұсталған адамға 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!