Ақмола облысының тұрғыны "банк қызметкерімен" телефон арқылы сөйлескеннен кейін несие алып қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.
Жәбірленушінің айтуынша, 16 тамызда белгісіз адам қоңырау шалып, өзін "Халық банктің" қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырған. Ол алаяқтың әрекеттерінің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk бағдарламасын жүктеу қажет екенін айтқан.
Ер адам айтылған қосымшаны жүктеген, бірақ ұялы телефонның арғы жағындағы алаяқ екенін түсініп, ұялы телефонынан "ұшу" режимін қосқан. Алайда бұл режимді өшіргеннен банктердің бірінен несиені өтеу кестесі туралы хабарлама келген. Онда белгісіз тұлға жәбірленушінің атына 2 миллион 83 мың теңге сомасында несие ресімдегені айтылған.
Өтініш берушінің айтуынша, ол қылмыскермен телефон арқылы шамамен бір минут сөйлескен. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!