- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола тұрғыны "жоқ"...
Ақмола тұрғыны "жоқ" балаға көмекке ақша жинаған
Ақмола облысында қайырымдылықты пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты. Өтініш берушінің айғақтары бойынша, оған блогер ретінде Ақмола облысының тұрғыны хабарландыру жариялауды сұраған. Әйел блогерге баланы емдеу үшін қаржы қажет екенін түсіндіріп, банк картасының нөмірін берген. Instagram әлеуметтік желісінде хабарландыру жарияланғаннан кейін және ақша түскеннен кейін Щучинск тұрғыны өзі туралы жалған ақпарат бергені әрі оның балалары жоқ екені белгілі болған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу аяқталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова