Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті

Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, 2024 жылы жазда Астрахан ауданының тұрғыны мас күйінде әртүрлі елдің пайдаланушыларымен сөйлесуге арналған "Чат рулетка" қолданбасында басқа ұлт өкілдеріне қатысты, оның ішінде балағат сөздерді қолданып, қорлайтын мәлімдемелер жасаған.

Сараптама онда ұлтаралық араздық пен алауыздық белгілерінің бар екенін растап, айтылған сөздердің басқа ұлт өкілдеріне қатысты қорлайтын сипатқа ие екенін анықтады.

Сотта айыпталушының кінәсі мемлекеттік айыптаушымен толық дәлелденді.

Сотталушы 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан