- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола полицейлері орманнан...
Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты
Ақмола полицейлері орманнан шолақ мылтық тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz.
19 шілдеде Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бурабай ауданының орман алқабында "Учаске" ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қонақ үйлердің бірінің жанынан маркасы мен нөмірі жоқ бір оқпанды мылтықтың кесіндісін, сондай-ақ оның 4 патронын тапты.
Табылған қару мен патрондарға қатысы бар болуы мүмкін адам анықталды. Қазіргі таңда өзге де тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Осы дерекке қатысты Ақмола облысының полиция департаменті ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан