- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола полицейлері жоғалған...
Ақмола полицейлері жоғалған 4 жасар баланы іздеп тапты
15 шілдеде түстен кейін Көкшетау қаласының полиция басқармасына орталық базар ауданында 4 жасар баланың адасқаны туралы хабарлама келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы хабарлама бойынша Көкшетау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың нәтижесінде баланың тұрғылықты мекенжайы анықталды.
Полицейлер баланы ата-анасына аман-есен табыстады. Олардың айтуынша, олардың ұлы алдымен үлкен әпкесімен аулада ойнаған, ал кейінірек қыз оны көзден таса еткен.
Сәбидің ата-анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Қазіргі уақытта бала үйінде.
Ақмола облысының полиция департаменті жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін кәмелетке толмаған балалардың бос уақытын және орналасқан жерін мұқият бақылауды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан