- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысының тұрғыны...
Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш заттарды сақтады деген күдікке ілінді
Фото:
polisia.kz
Ақмола облысының тұрғыны жарылғыш заттарды сақтады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Степногорск қаласында 61 жастағы тұрғын жарылғыш заттарды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат түсті.
Ер адамның гаражын тексеру кезінде жарылғыш толқыны бар 34 металл-цилиндрлік заттар табылды. Сараптама тағайындалды.
Факт ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан