2023 жылғы 6 қаңтарда Ақмола облысы Шортанды ауданының полиция бөліміне орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының аңшылық алқаптардың резервтік қорында браконьерлік фактісі анықталғаны туралы ақпарат келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала тергеу барысында жергілікті тұрғын аң аулау кезінде елікті атып өлтіргені анықталды. Ер адам заңсыз аң аулағанын мойындап, полицейлерге орманда жараланған жануарды көріп, оны атып тастауға шешім қабылдағанын және ұшасын үйге апаратынын айтты. Аңшы көлігінің салонында үш аңшылық мылтық пен оқ-дәрі табылды.
Осы фактіге қатысты полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Сот-биологиялық және сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!