Ақмола облысының тұрғыны бұрынғы күйеуінің қолынан зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көкшетау қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның арызы түскен. Ол 26 маусымда бұрынғы күйеуі, яғни 24 жастағы жергілікті тұрғын және оның бірге тұратын әйелі жанжал кезінде дене жарақатын салғанын айтты.
Полицейлер денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша соталды тергеуді бастады. Сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшылары мұндай жағдайларға қатысты бірқатар кеңес береді:
"Егер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырасаңыз және өміріңізге, денсаулығыңызға қауіп төнсе, көршілеріңізді немесе туыстарыңызды көмекке шақыруға тырысыңыз. Үйден тез арада кетуге, сыртқа шығуға және адамдардың назарын аударуға тырысыңыз", - деп жазылған хабарламада.
Қауіп төндірген адам қылмыстық заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Жауапқа тарту кісі өлімі, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және басқа қылмыстардың алдын алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!