- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысының тұрғыны...
Ақмола облысының тұрғыны бомба туралы жалған хабарлама жасағаны үшін сотталып кетті
Ақмола полицейлері Ерейментау қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 4 қаңтарда мас күйінде 102 нөміріне қоңырау шалып, бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хабарламадан кейін төтенше жағдайлар қызметі келіп, адамдарды эвакуациялап, аумақты қоршап алды. Көрсетілген мекенжайды тексеру кезінде жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Құқық бұзушының айтуынша, ол тек жедел қызметтердің әрекетін тексергісі келген.
Қазіргі уақытта Ерейментау аудандық сотының үкімімен кінәлі сотталды.
Ақмола облысының полиция департаменті мұндай хабарламалар ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сараланатынын және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратынын ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан