Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған үш баласына 1,7 миллион теңгеден астам алимент төлеуден жалтарған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сотта мемлекеттік айыптаушы борышкердің кінәсін толық дәлелдеді.
5 қарашада сот борышкерге пробациялық бақылау белгілей отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындау туралы үкім шығарды.
Сондай-ақ прокуратураның бастамасымен 4,2 миллион теңге қарызы бар басқа борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар Ерейментау ауданы прокуратурасының шараларымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 1,5 миллион теңгеден астам сомаға алимент өндірілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!