Ақмола полицейлері ауыл тұрғынының үйінде қару-жарақтың жасырын қоймасын тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Зеренді ауданының Садовое ауылында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасы табылды.
Калашников АҚСУ-74 автоматын, оған 5,45 мм калибрлі 29 оқты және 16 калибрлі ТОЗ аңшылық тегіс ұңғылы мылтықты тәркіледі.
Ауыл тұрғынының айтуынша, оған автомат пен оқтар қайтыс болған досынан, ал мылтық әкесінің мұрасынан қалған.
ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!