Ақмола облысында автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта өңірде автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды:
Ауа райына байланысты департаменттің саптық құрылымының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.
"Халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда 50 автопатруль қызмет атқарады, бұл 100-ден астам полиция қызметкері. Ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау және қар құрсауында қалмау үшін Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді жоғарыда аталған бағыттарға бармауға және жолдардағы жағдай туралы ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, қазіргі уақытта жабық жолдарда 700-ге жуық автокөлік пен 1400-ден астам адам қалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз