Ақмола облысының жолдарындағы қазіргі жағдай қандай?

Ақмола облысының жолдарындағы қазіргі жағдай қандай?
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта өңірде автожолдың 10 учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылды: 

  1. Астана - Ерейментау - Шідерті;
  2. Астана - Петропавл;
  3. Екатеринбург - Алматы - Аршалы ауданының аумағы;
  4. Астана - Қабанбай батыр - Нұра - Теміртау;
  5. Көкшетау - Атбасар;
  6. Екатеринбург - Алматы;
  7. Қостанай - Әулиекөл - Сурған;
  8. Жезқазған - Петропавл;
  9. Щучинск - Зеренді;
  10. Астана - Қорғалжын.

Ауа райына байланысты департаменттің саптық құрылымының жеке құрамы күшейтілген режимде жұмыс істейді.

"Халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда 50 автопатруль қызмет атқарады, бұл 100-ден астам полиция қызметкері.  Ықтимал төтенше жағдайларды болдырмау және қар құрсауында қалмау үшін Ақмола облысының полиция департаменті жүргізушілерді жоғарыда аталған бағыттарға бармауға және жолдардағы жағдай туралы ресми хабарламаларды қадағалауға шақырады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазіргі уақытта жабық жолдарда 700-ге жуық автокөлік пен 1400-ден астам адам қалды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget