Ақмола облысының 85 жастағы тұрғыны бір тәулік бойы сынықпен жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған.
Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырған. Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз