- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысының 85...
Ақмола облысының 85 жастағы кейуана бір тәулік бойы сынықпен пәтерінде жатқан
Фото:
видеодан алынған кадр
Ақмола облысының 85 жастағы тұрғыны бір тәулік бойы сынықпен жатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1939 жылы туған әйел адам құлап, білегін сындырып алған.
Бір тәуліктен кейін туыстары пәтерге кіре алмағандықтан төтенше жағдайлар қызметкерлерін шақырған. Ақмолалық құтқарушылар 4-қабаттағы пәтерге автосатының көмегімен терезе арқылы кірді.
Өрт сөндірушілер есікті ішінен ашып әйел адамды жедел жәрдем қызметіне тапсырды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан