Ақмола облысының тұрғыны кәріс жүйесіне құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 тамызда Шортанды ауданындағы елді мекендердің бірінде 66 жастағы тұрғын кәріз жүйесіне құлап кетіп, көз жұмды.
Жазатайым оқиға түнгі уақытта, үйдің ауласында болған. Қарт адам туыстарына қонаққа барған.
Қазіргі уақытта полиция бөлімі болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Сараптама тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз