Ақмола облысының 33 тұрғыны алаяқтардың арбауына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тағы да маркетплейстер арқылы тауар сатып алу, сондай-ақ қоңырау шалған ұялы байланыс операторларына сену арқылы азаматтар ақшасынан айырылды.
Осы аптада белгісіз тұлға облыс тұрғынына телефон соғып, өзін ҰҚК-нің қызметкерімін деп таныстырып, алаяқтық жолмен 750 мың теңге несие ресімдеген.
Басқа бір жағдайда, OLX арқылы пәтер жалдағысы келген 3 адам алаяққа 115 000 теңге алдын ала төлем аударған.
Қазіргі уақытта алаяқ анықталып, қамауға алынды.
Облыс прокуратурасы сатушының сенімділігіне көз жеткізбей, тауардың толық төлемін аудармауға кеңес береді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!