Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді

Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қарашада сағат 06:00-ден бастап Ақмола облысында күн бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар KAZ02 Астана - Көкшетау (айналма жол) - Петропавл - РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу бекеті) тасжолының 19-231-шақырымында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетіледі.

Жылдамдық режимін 6 қарашада сағат 15:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget