Күн бұзылуына байланысты Ақмола облысындағы тасжолда жылдамдыққа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚазАвтоЖол мәліметінше, 3 қарашада сағат 16:00-ден бастап республикалық маңызы бар KAZ02 Астана - Көкшетау (айналма жол) - Петропавл - РФ шекарасы (Жаңа жол өткізу пункті) тасжолының 19-231-шақырымында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетіледі.
Жылдамдық режимін 3 қарашада сағат 21:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!