- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысындағы тағы...
Ақмола облысындағы тағы бір өрт сөндірілді
Фото:
Видео кадры
Ақмола облысында кезекті өрт сөндірілді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Бұланды ауданы Макинск қаласында шаруашылық құрылыста өрт шықты, кейінірек жеке тұрғын үйдің шатырына көшкен.
Өртсөндірушілер жалынның одан әрі таралуына жол бермей, жалпы ауданы 140 шаршы метр болған өртті толықтай сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан