Ақмола облысындағы мектептерге көмір толық жеткізілмеген
Ақмола облысындағы мектептерге көмір толық жеткізілмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Жақсы ауданының прокуратурасы жалпы білім беру мектептеріне 52 миллион теңге көлемінде көмір жеткізбеу дерегін анықтады.
Атап айтқанда, биыл сәуірде мемлекеттік орган тауар тасымалдаушымен 140 миллион теңге болатын көлемі 8 мың тонна көмірді сатып алу туралы шарт жасасты.
Алайда мемлекеттік орган мердігер мекемеге 52 миллион теңге болатын тауарларды жеткізілмегеніне қарамастан, актілерге қол қойған.
Қадағалау актісімен кінәлі тұлғалар қызметінен босатылып, мердігер келісімшарттың толық орындалуын қамтамасыз етті.
Осылайша, прокуратураның шараларымен аудан мектептерінде жылыту маусымының бұзылуына жол берілмеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек