Ақмола облысындағы колледжде бұрын зорлық жасаған адам жұмыс істеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, колледждерді тексеру шеңберінде қауіпсіздікті, білім беру сапасын қамтамасыз ету, санитарлық бақылау, өрт қауіпсіздігі, күзет, денсаулық сақтау және т.б. салаларда 200-ден астам бұзушылықтар анықталған.
Мысалы, 2 колледжде бұрын зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған адамдар жұмыс істеді.
Басқа колледжде жұмысшылар жұмыс орнында ішімдік ішкен. Ол адамдар қабылданған шаралармен жұмыстан шығарылды.
Бірқатар оқу орындарында медицина қызметкерлерінің қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ.
Сондай-ақ, студенттердің құрдастарына қатысты жүйелі түрде қорқыту фактісі анықталды (тергеу жүргізіліп жатыр).
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!