- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысындағы екі...
Ақмола облысындағы екі бірдей кісі өлімі жұртты шошытты
Фото:
Tengrinews.kz
Ақмола облысында аса ауыр қылмыс тіркелді. Өңірдегі полиция екі бірдей кісі өлімін тергеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жантүршігерлік оқиға 11 тамызға қараған түні болған. Қаза тапқандар Ақкөл қаласының екі тұрғыны. Құқық қорғау органдары тергеу құпиясын алға тартып, қылмыстың себебін әзірге ашпай отыр.
Күдіктілер анықталып, ұсталған. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу "Алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар жасаған екі адамды өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан