- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысындағы 100-ге...
Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланды
Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, одан бөлек, 20 елді мекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Оның ішінде, аймақтағы Маринова ауылы - Амантай, Ерголка - Тоқтамыс, Самарка - Бөріктал ауылы болып өзгертілмек.
Ал Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды.
Сондай-ақ, 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне Ұлы тұлғалардың есімі беріледі.
"Біз елді мекендерді қайта атау барысында негізінен ғылыми деректерге сүйенеміз. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының "Топоника" кітабында көптеген деректер келтірілген. Яғни біз өз жұмысымызда осы жинақты басшылыққа аламыз. Елді мекенді қайта атау барысында ең алдымен халық арасында түсініктеме жұмыстары жүргізіледі. Бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерде ежелгі атау туралы ақпараттар толық жарияланады", - деді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина