ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті вейптерді, оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнімдер әлеуметтік желідегі интернет дүкен арқылы сатылып, оны курьерлік қызмет жеткізген. Қатысушылар заңсыз қызметін жасыру мақсатында конспирация шараларын қолданған. Қаражатты қабылдау және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлердің қызметі пайдаланылған.
Қылмыстық табыс көлемі 221 млн теңгеден асқан.
Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен көлікке тыйым салынды. Ұйымдастырушы қамауға алынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу дерегі бойынша 12 соталды тергеп-тексеруді бастаған. Заңсыз айналымнан 717 мың өнім тәркіленген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!