- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- вейп туралы
Ақмола облысында вейп саудасы әшкере болды
Ақмола облысында вейп сатқандар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
10 желтоқсанда Степногорск қаласында жедел профилактикалық іс-шаралар барысында құқық қорғау органдары заңсыз электрон темекі сатумен айналысқан тұрғынды анықтады.
Қала үйлерінің бірінде жасырын сауда ұйымдастырған 40 жастағы азамат полиция бөлімшесіне жеткізілді.
"Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сауда нүктесін тексеру барысында тәртіп сақшылары 200 дана электрон темекіні тәркіледі. Бұл - шамамен 2 миллион теңгенің өнімі. Тергеу нәтижесінде күдікті маусымнан бастап заңсыз кәсіппен айналысып келгені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті өз әрекетінің заңға қайшы екенін мойындады.
Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға заң талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова