Ақмола облысының Ерейментау қаласында жеке тұрғын үй өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көршілері үйде адам бар деп хабарлаған. Өртті сөндіруге келгендер үй иесін ес-түссіз күйде тапты.
Өрт аумағы шағын, 4 шаршы метрді қамтыды. Ер адам өз бетімен үйден шыға алмай қалған.
"Үйдің жатын бөлмесіндегі өрттің шығу себебін анықтаған кезде, үй иесі ес-түссіз күйде табылды. Сараптама қорытындысы бойынша азамат мас күйінде болған және төсекте жатып темекі шеккен", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртсөндірушілер тобы үйдегі өртті өшіріп жатқанда Ерейментау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Амангелді Доскенов зардап шеккен адамды ғимараттың арғы бетінен өрттен алып шықты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!