- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында украиналық...
Ақмола облысында украиналық 23 жылға сотталды
Ақмола облысында жасырын зертхана есірткісін ашып, психотропты заттарды сатқан шетел азаматтарына сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ерейментау қаласында "В" атты Украина азаматы "M, G" Молдова азаматтарын азғырып, трансұлттық ұйымдасқан топ құрды. Олар қаладан үй сатып алған. Осылайша, аса ірі мөлшерде психотропты заттар аналогтарын сату үшін үй жасырын зертхана ашып, психотропты заттарды заңсыз дайындап сатқан.
2023 жылғы тамызда Ерейментауда полиция Молдова азаматтарын ұстады. Олардың үйін тінту кезінде 40 келі психотропты зат табылды.
Осылайша, "В" басқа мемлекеттің азаматтарын тартып, трансұлттық, ұйымдасқан топ құрып және оған басшылық еткен. Сондай-ақ "В" аса ірі мөлшердегі психотропты заттардың аналогтарын сатуды ұйымдастырған. Өз кезегінде "M, G" қылмыстық топ құрамында аса ірі мөлшердегі психотропты заттардың аналогтарын заңсыз жасап сақтаған.
Сот үкімімен "В" Қылмыстық кодекстің 264-бабы 1-бөлігі, 28-бабы 3-бөлігі, 297-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді, 23 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ "M" және "G" Қылмыстық кодекстің 264-бабы 2 бөлігі, 297-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленді. "M" 21 жылға, ал "G" 22 жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енбеді.
А. Есен