Ақмола облысында тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам өлі табылды

Ақмола облысы Щучье қаласында өрт болып, 2 адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақмола облысының ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Бурабай ауданы Щучинск қаласында екіқабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.

Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Үй толығымен ағаш құрылымдардан тұрғызылғандықтан және отқа төзімділіктің 5 дәрежесіне жататындықтан өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындаған болатын. Өрт толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза болғандардың туыстарына қайғыра көңіл айтады.

Облыстық ТЖ департаменті тұрмыста өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады.

  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;
  • жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз және оларды ұзақ уақыт қыздырмаңыз;
  • электр жабдықтары мен электр сымдарының жарамды күйін қадағалаңыз;
  • қосылған электр тұрмыстық және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;
  • ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!