Алаяққа сенген Ақмола облысының тұрғыны банкке 4 миллион теңге қарыз болып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
19 шілдеде Астрахан ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан алаяқтық дерегі туралы арыз келіп түсті. Әйел белгісіз тұлғалардың өзіне тиесілі 4 миллион теңгені иемденіп алғанын хабарлады.
Жәбірленушінің айтуынша, 11 шілдеде оның телефонына белгісіз ер адам қоңырау шалып, өзін "ҚР банктерінің Ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкері" ретінде таныстырып, әйелге оның сауалнамалық деректерін айтып, алаяқтар оның атына ҚР банктерінің бірінде несие рәсімдегеніне сендірген. Қаскүнем бұл несиені жою үшін банк қосымшасында белгілі бір әрекеттерді жүргізу қажет деп түсіндірген. Зейнеткердің мобильді құрылғысы ескі үлгіде болғандықтан, алаяқ өзінің туыстарының біреуінің телефонына қашықтан қолжеткізу қосымшасын жүктеуді талап етеді.
Зейнеткер қызының телефонын пайдаланған, кейін ол WhatsApp мессенджерінің бейне байланысы арқылы бүкіл процесті басқарған. Кейін қаскүнемнің басшылығымен оның нөмірінен бірнеше банктен несие алуды тоқтату (бас тартуы) туралы суреттер жіберілді, бұл хабарламалар банктердің өздерінен де келген. Бірақ олардың біреуінен несиені мақұлдау туралы хабарлама түскен. Ұлттық банк хабарламасында әйелге оның атына несие ресімделгені және оларды белгіленбеген шотқа аударғаны туралы ескертілген.
Осы дерекке қатысты полиция бөлімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамдарды анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!