- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында тұрғын...
Ақмола облысында тұрғын алаяқтарға алданып, 6 миллион теңгесінен айырылды
Көкшетауда полицейлер шетелдік көліктерді заңдастыруға уәде берген алаяқтарды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pkzsk.info-ға сілтеме жасап.
Көкшетаудың екі тұрғынына арызданған 23 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгінді. Қыз делдалға бес шетелдік көлікті заңдастыру үшін 6 миллион теңгеден аса қаражат беріпті. Алайда алаяқтар шарт талаптарын орындамай, ақшаны керегіне жаратқан.
Жәбірленушінің сөзінше, көліктерді заңдастыру рәсіміне көмектесуге уәде еткен бейтаныс жігітке қомақты ақша берген. Ал кейінірек ер адам көлік заңдастыруға ешқандай қатысы жоғы белгілі болды.
Оқиға биыл наурызда болған. Алайда қаражат әлі қайтарылмапты. Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеуді бастады. Сонымен қатар, күдіктілер анықталды. Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова