- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында төрт...
Ақмола облысында төрт жасар бала кәріз құдығынан өлі табылды
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған бала кәріз құдығынан өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Сәбидің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген жазбада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуірде сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғынынан төрт жасар баласының жоғалғаны туралы хабарлама түскен.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында бала серуендеуге аулаға шыққан, содан бері оның қайда екені белгісіз.
"Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырып, баланың денесін үйдің жанындағы кәріз құдығынан тапты.
Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова