Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарды

Ақмола облысында ТЖМ қызметкерлері өрттен бір адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шақыру орнына 3 минуттан кейін келген өртсөндірушілер пәтерге балкон арқылы автосатының көмегімен кірді.

Құтқарушылар 1985 жылы туған ер адамды қою түтін басқан пәтерден шығарды. Оны жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Өрт шыққан сәттен бастап 20 минут ішінде жедел сөндірілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!