Ақмола полицейлері автожолда төгілген лак-бояу материалдарына байланысты Астанаға 1000-нан астам автокөлікті алып жүрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 шілдесінде "Астана-Петропавл" автожолында 8 тоннаға жуық лак-бояу материалын тасымалдаған Volvo маркалы жүк көлігі аударылды. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Астана-Петропавл" республикалық автожолында жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін Ақмола облысының полицейлері автокөліктерді алып жүруді ұйымдастырды.
Қазіргі уақытта жол қызметтері жол төсемінен бояуды жою бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Автожолда көлік қозғалысы шектеулі.
Полицейлер жүргізушілерден уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұрайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз