- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақмола облысында суға...
Ақмола облысында суға батып кеткен тракторшы табылмай жатыр
Ақмола облысы Қараөзек ауылында 34 жастағы тракторшы іздестіріліп жатыр. Ол түнгі 4 шамасында жолдан өтіп бара жатып, техникасымен бірге қар суы жиналған жарға түсіп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Судың ортасында трактордың төбесі ғана көрінеді. Ал жүргізуші жоқ. Алдын ала болжам бойынша, ол суға ағып кеткен болуы мүмкін. Төтенше жағдайлар қызметкерлері іздеу құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Судан трактормен өтемін деп, трактордың рөліне ие бол алмай, сайға түсіп, белгісіз себептермен жоғалып кеткен. Осыған орай жедел құтқару қызметі жасағынан төрт адам, 1 бірлік техника, полиция бөлімі қызметкерлерінен 7 адам, 3 бірлік техника іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - дейді Бұланды ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Санат Есетов .
Ауылды су басқан, көшеде жүру мүмкін емес, бірнеше үйге де залал келтірген. Кей жерлерде судың деңгейі тізеге дейін жетеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан